Украина ішкі істер министрі Арсен Аваковтың мәлімдеуінше, Eurovision ақтық сынының тікелей эфирінде әнші Жамала ән салып жатқан уақытта сахнаға көтеріліп, құйрығын көрсеткен украиналық азамат бес жылға сотталуы мүмкін.
Сахнаға Австралия туын алып шыққан бұл адамның кейінірек украиналық пранкер Виталий Седюк екені анықталды.
Седюк өз әрекетін “ресми емес түрде дау шығаратын журналист боп істеймін” деп түсіндірген. Седюкті сахнадан күзетшілер тез түсіріп әкетті.
Кейін Седюк үшін австралиялық журналист кешірім сұрап, ерсі қылық көрсеткен кісінің Австралия азаматы еместігін айтты. “Біз бұл адамның қылығынан қорқып қалдық. Кешірім сұраймын”, – деді журналист.
14 сәуірде Киевте Eurovision ән байқауының ақтық сыны өтіп, Португалия әншісі бас жүлдені жеңіп алды.
https://youtu.be/MgtnRyspYw8