Алматыда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комиеті Шекара қызметі академиясынан Макаров маркасындағы 10 тапанша жоғалып кетті.
Осындай ұрлық фактісінің тіркелгенін құқық қорғау органындағылар растап отыр деп хабарлады «КТК» телеарнасы.
Алдын ала келтірілген дерекке сүйенсек, оқу-жаттығу мақсатында тапаншалар 30-наурызда табыс етілген, ал олардың орнында жоқтығы 6-мамырда белгілі болыпты.