Баян Есентаева үлкен қызы Айсәуленің өмірде өз жолын тауып, бөлек кеткенін меңзейтін жазба жариялады.
Танымал продюсер жырақта жүрген қызын қатты сағынып жүрген секілді. Сөйткен ол аналық жүрегімен елжіреп, қызының жақсы қасиеттерін атап әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазба жазды.
“Менің кішкентайым! Қырсық, ақылды, жасына қарамастан, парасатты, кейде еркетотай, әркез өз-өзін толықтырып, мықты бола түсуді ұнататын ізденімпаз қызым. Бір жылдан бері өздігінен күн көріп келеді, одан: “Мам, карточкаға ақша сала салшы”, дегенді естімегелі көп болды”, – деп жазды Есентаева.
Желідегілердің көпшілігі Айсәулені анасына салмақ салмайтыны үшін мақтап жатты.
Аян Мырзабек