Алматы авто жолының тығырыққа тірелген жерінде жүргізуші жылдамдығын түсірмей, бағдаршам бағанасына соқтығысты.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
Жол апаты Бөкейхан және Серіков көшелерінің қиылысында болды. Lada Priora Бөкейхан көшесімен солтүстік бағытында қозғалып келе жатқан. Серіков көшесімен қиылыста – тұйық. Әзірге белгісіз себептермен “Лада” жүргізушісі жылдамдықты түсірмей, бағдаршам бағанасына соқтығысады.
Соққыдан көлік қатты зақымданып қалды. Куәгерлер жүргізушіні салоннан шығаруға көмектесті. Кейіннен оны аса ауыр халде ауруханаға жеткізеді.
Шамалы уақыттан кейін оқиға орнына зайыбы келіп, біраз бұрын екеуінің ұрсып қалғанын, күйеуі әйелінің жұмысына қарай шыққанын айтып берген.