Павлодарда сотталған ер адам колонияда қайтыс болды.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Жедел мәліметтерге қарағанда, төтенше жағдай Павлодардағы №162/2 арнайы мекемесінде болған. Сотталушы 4-мамырдан 5-мамырға қараған түні өлі табылған. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, таяуда мекемедегі бірнеше науқас аштық жариялаған. Олар прокурормен кездесуді және оларға толықтай ем көрсетулерін талап еткен.