ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығы және Жеңіс күніне орай «Қазақ елі» алаңында өтетін әскери парадтың өткізілуі мен оған дайындық шараларына байланысты Астанада 3 және 4 мамыр күндері қала көшелеріндегі қозғалыс шектеледі.
Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Қорғаныс министрлігі 3-4 мамыр күндері «Қазақ елі» алаңында сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың келесі көшелерінде қозғалыс шектеледі:
– 40-көшеден бастап Байырқұм көшесі бойымен Қошқарбаев көшесіндегі көпір айырығына дейін;
– Қошқарбаева көшесіндегі көпір айрығынан бастап Б.Момышұлы даңғылына дейін;
– Тәуелсіздік даңғылы
– Б.Майлин көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін (мектеп);
– Ш.Қалдаяқов көшесі – МЗ көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;
– Нәжімеденов көшесі – Ш.Қалдаяқов көшесінен Сарыкөл көшесіне дейінгі аралық;
– А.Байтұрсынов көшесі – Қошқарбаев көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;
-Қошқарбаев көшесі – Б.Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін;
-Б.Момышұлы даңғылы – Сәтпаев көшесінен Дарабоз көшесіне дейін;
Бұрын хабарланғандай, 9 мамыр күні Жеңіс күніне орай сағат 09.00 мен 13.00 аралығында «Жаужүрек полк» жаяу және механикаландырылған колоннасының Тәуелсіздік даңғылымен жүріп өтуіне байланысты Қалдаяқов көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі аралықтағы көлік қозғалысына шектеу қойылады.