Халықаралық сейсмологтар командасы таяудағы он жылда қай ғаламшарда ең ірі жер сілкіністерінің бірі болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.
Олар жер сілкінісінің магнитудасы 8,3-ке тең болатынын айтады.
Бұл туралы Naked-Science басылымы жазды.
Сондай-ақ, ғалымдар табиғи құбылысқа Наска мұхит тақтасының Оңтүстік Америкалық тақтаға жақындауы себеп болатынын айтып отыр.
“Бұл процесс жыл сайын шамамен сегіз сантиметр жылдамдықпен жүреді, бірақ ол процесс Сантьяго аумағында тоқтап қалады”, – делінген мақалада.
Мамандардың айтуынша, жер сілкінісінің ошағы Вальпараисо қаласында болады. Ол Чили астанасынан 100 шақырым жерде орналасқан.
Осылайша, биыл жер сілкінісінің болу ықтималдығы шамамен 3 пайызға бағаланып отыр, бұл әдеттегі нормадан 2-3 есе көп екен.
Сондай-ақ, ғалымдардың айтуынша, табиғи құбылыстың болу қауіпі жыл сайын көбейеді.
Айта кетейік, осыған дейін Чилиде адамзат тарихындағы жойқын жер сілкінісі болған еді. Онда 1960 жылы Сантьягодан 570 шақырым жерде магнитудасы 9,5-ке тең жер сілкінісі болды. Басылымның мәліметінше, 2015 жылдың қыркүйегінде Чилидің Ильяпель қаласында магнитудасы 8,3 балл болатын жер сілкінісі болған. 1880 және 1943 жылдары да осы аумақта магнитудасы 8 балл жер сілкінісі болған.