Америкада ФБР-да жұмыс істейтін әйел елдің масқарасын шығарды. «Ислам мемлекеті» террористік тобының содырына қатысты тергеу жүргізуі тиіс болған әйел тергеудің орнына сол содырға күйеуге тиіп, Сирияға кетіп қалды, деп жазады РИА Новости.
Бірақ Сирияға қашқан Грин бірнеше аптадан кейін қателік жасағанын түсініп, АҚШ-қа қайта оралған. Содан қамауға алынып, түрмеде екі жыл жазасын өтеп, былтыр жазда бостандыққа шығыпты. .
CNN телеарнасы 2015 жылдың қазан айында АҚШ авиациясының Сирияға жасаған шабуылы кезінде 39 жастағы Касперттің көзі жойылғанын хабарлайды. Одан бұрын АҚШ Каспертті аса қауіпті халықаралық террорист деп таныған болатын.