Алматыда екі-үш күн бұрын жоғалып кеткен бизнесмен Евгений Молибогиннің денесі табылды, деп хабарлайды Baq.kz. Алматы ІІД қызметкерлері кәсіпкерді өлтірген күдіктіні қолға түсірген.
«Мәйіті түнде табылды. Көлігі саяжайлар ауданында бөлшектелген күйде табылды. Евгений жоғалған күні танысымен бірге шыққан еді. Женя хабар-ошарсыз кеткеннен кейін танысы да аяқ астынан Новосібірге ұшып кетті», – дейді марқұмның бауыры Виталий.
«Осы жылдың 27 сәуірінен бері із-түссіз жоғалып кеткендер қатарында болған 1974 жылғы Евгений Молибогинді өлтірді деген күдікпен күдікті ер адам ұсталып, қамалды. Қазіргі таңда істің мән-жайы анықталып жатыр. Ұсталған күдіктінің сыбайластары болуы мүмкін», – дейді Алматы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.
Дереккөз: Baq.kz