Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары бірінен соң бірі ауруханаға түсіп жатыр.
Бір күнде 8 оқушы инфекциялық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Асқазан-ішек жолдары негізінен зақымданған. Қазіргі клиникалық белгілері асқазан-ішек жолдарының зақымданғанын көрсетіп тұр. Шұғыл хабарлама санэпидстанцияға жіберілді», – деді дәрігер Күләйша Өнер.
Ал Назарбаев зияткерлік мектебіндегілер бұл жайт бойынша әзірге сұқбат бере алмайтындарын айтты.