Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Жұмағали Исмаилов үй қамауына алынды.
Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Осыған дейін әл-Фараби аудандық соты Исмаиловты қамауға алу туралы шешім шығарған, дегенмен, ол күшіне енбеді.
Сот мәліметі бойынша, Исмаиловқа ҚР ҚК-нің 253-бабының 6-тарауы “Коммерциялық пара беру” және 262-бабының 3-тарауы “Қылмыстық топ (қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу” бойынша айып тағылды.
Еске сала кетелік, 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ауруханаларының 28 бас дәрігері Жұмағали Исмаиловтың орнынан кетуін талап еткен. Дәрігерлер Исмаилов дөрекі және тендер кезінде белгілі бір фирмалардың мүддесін жақтайды деп айыптаған болатын. Арнайы комиссия тексерісінің қорытындысы бойынша Исмайлов облыс әкімі Асқар Мырзахметовтен қатаң сөгіс естіген еді.