Қырғыз премьер-министрінің кететінін, не қалатынын парламент депутаттары шешеді, деп хабарлады Жогорку Кенеш спикері Чыныбай Турсунбеков.
Турсунбековтің айтуынша, осы аптада парламент үкіметтің өткен жылғы жұмысының есебін қарайды.
“Есеп талқыланған соң, шешім шығарылады. Барлығы үкіметтің есебіне байланысты болады. Есеп депутаттарға ұнаса, онда үкімет келесі мерзімге қалуы мүмкін, ұнамаса – басқаша шешім шығарады”, – деді Чыныбай Турсунбеков.