Алматы облысының Түрген ауылында белгісіз ер адам 8 жастағы қызға тап беріп, қорлаған.
Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.
Төтенше оқиға 14 сәуір күні кешкі сағат 17:00 шамасында болған. Қыз бала мектептен үйіне қайтып келе жатқан кезінде алдынан 30 жастағы мас ер адам шығады.
“Мен үйге қарай жақындап қалған кезде мені бір ер адам құшақтап алды да, ауызыма бірдеңе құйды. Мен ұйықтап қалдым, ал ол мені өзенге алып келіп, таспен ұрды. Ол мені алыс жаққа алып кетті, бірақ не істегенін білмеймін.
Мен оянған кезде ол мені бар күшімен ұстап тұр екен. Сол кезде қасымыздан қанша адам өткеніне қарамастан, ешкім көмектеспеді. Мені Тимур деген қойшы құтқарды”, – дейді зардап шегуші.
Куәгерлердің ешбірі көмектеспей қойған соң, қызға қойшы көмекке келген. Жас жігіт қылмыскерді қорқытқаннан кейін, бейтаныс ер адам қашып кетеді. Кейін қыздың әкесі туыстарымен бірге жауызды тауып, полицияға тапсырған. Ал өздері баланы ауруханаға алып кетті.