Атырау қаласында тұңғыш рет 19-24 сәуір аралығында таеквондодан жастар арасындағы 9-шы Азия чемпионаты мен ересектер арасында G-1 Халықаралық турнирі өтеді.
Бұл туралы облыстық спорт басқармасы хабарлады.
Азия чемпионатына әлемнің 25 елінен ең таңдаулы спортшылар қатысады деп күтілуде. Қазірге дейін өз елімізден тыс Ауғанстан, Қытай, Тайпей, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирак, Иордания, Қырғызстан, Ливан, Макао, Малайзия, Моңғолия, Пәкістан, Филиппин, Катар, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Тайланд, ОАЭ, Өзбектстан және Вьетнам мемлекеттерінің спортшылары Атырауға келетіндерін ресми түрде мәлімдеген.