Шенеуніктер Шымкентте шетелдіктердің қаптап жүргеніне алаңдаулы.
Себебі, күнгейдегі мұнай өңдеу зауытында жұмыс істеп жатқан 4 мың қызметкердің 3 мыңы Қытай азаматы екен депр хабарлады КТК телеарнасы.
Бұл жайтты ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев кәсіпорын жұмысымен танысу кезінде кездейсоқ біліп қалған.
Жансейіт Түймебаев, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі:
-Бұл зауыт ары қарай да жұмыс жасай береді. Жаңарып, қуаттылығы да артып жатыр. Сондықтан, бұл өндіріс орнында басқарушы және инженерлік-техникалық қазақ кадрлары болуы керек. Құлақтарыңызға алтын сырға, жергілікті мамандарды жұмысқа көптеп тартып, оларға осы істің қыр-сырын үйретіңіздер. Бұл біз үшін өте маңызды.