Жетісай-Алматы бағытында автобуспен келе жатқан жолаушылар, Сарыағаш-Шымкент жолы бойындағы самса сататын орында келеңсіз іске куә болған.
Жолда тоқтаған автобустың жолаушылары тандыр басына үймелеп, самса сатып алады. Арада біраз өткенде олардың біреуі самасаның ішінен құмырысқа шыққанын айтып, дабыл қаққан, деп жазады “The Qazaq Times”.
Жолаушылар самса жасап отырғандардан істің мән-жайын білмек болғанда, асханадағы екі жігіт қашып үлгеріпті. Көп өтпей самсахананың иесі де келген. Ол жолаушылардан кешірім сұрап, бәрінің ақшасын қайтарып беретінін, самсахананы енді мүлде жабатынын айтқанымен, бұл істі аяқсыз қалдырғысы келмеген жұрт полицияны күтеді. Көп өтпей бөлімше полицейі мен тергеу тобы да жетті. Арыз жазылып, самсалар сараптамаға жіберілетін болыпты. Ары қарайғы іспен құқық қорғау орындары айналыспақ.
«Қазір ақша табуға дәніккен адамдар «аңқау елге арамза молда» болғысы келеді» бұған тексеру орындарының салғырттығы да себеп болып тұр.