“Мен пәктігімді сатамын. Жасым 21-де, нақты ұсыныспен ғана хабарласуды сұраймын. Қазір-ақ кездесуге дайынмын. Тексеруден өтуге келісемін”.
Жұмыста бірге істейтін Қарлығаш есімді қыз жақында интернетке осылай жарнама берді. Бұған дейін ол менімен сырласып жүргенде
“әлі қызбын, жігітім жоқ, бекер біреумен жатып, қыздығымды босқа жоғалтқанша ақшаға сатсам не болады? Қалай ойлайсың?“,
— деп сұраған болатын.
– Қаншаға бағаладың енді?
– 5 мың доллар
– Ол ақшаға не істейсің?
– Телефонымның несиесін төлеймін. Қалғанына шағын кәсіп ашамын. Біртіндеп көтеріліп, сосын оқуға түсемін!
Алғашқы түнде құшағыма кіретін еркектің түр-келбеті маңызды емес, ақшасын берсе болды.
Шыны керек, бүгінде Қарлығаш сияқты “пәктігін” оңай ақшаға айырбастағысы келетін қыздардың қатары аз емес. Ғаламторды ашып қалсаңыз, жасын, келбетін, түр-әлпетін әспеттеп жазған талай қыздар «өрескел қылықты, қатал, дөрекі адамдар мазаламасын», деп талап қояды.
Ия, бүгінде мұндай ұсыныстарға таң қалмайтын болдық. Жұрттың көбі қойыртпақ қоғамның көшіне әлдеқашан ілесіп кеткен. Шетелде мұндай сауда қызып тұр, тіпті аукцион өткізіп әлек.
Бұл пәле америкалықтардан шыққан, дейді мамандар. Сексуалды төңкерістің жемісі. Мұндай “сирек тауарға” өзі сұраныс та көп.
Міне, енді Батысқа еліктегіш қыздарымыз эстафетаны іліп әкетті.
Тура жолдан тайып, арына дақ түсірген қыздар қырық үйдің тыйымын баяғыда ұмытқан.
Аяжан Төрехан
Фото: blogpoint.kz (көрнекі сурет)
https://kaz.365info.kz/pater-yshin-konedi-shalmen-tosektes-bolgan-orimdej-khyzdar-257430