7-сәуір күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болуы ықтимал.
Кей жерлерде тұман болып, жел күшейеді, шығыста көктайғақ, оңтүстікте шаңды дауыл сақталады, деп хабарлайды «Қазгидрометке» сілтеме жасаған ҚазАқпарат.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей аумақтарында желдің екпіні 15-20 м/с артады. Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман болады, Қостанай облысында жел 18 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болды. Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады деген болжам жасалуда.