Елге атағы әбден шыққан продюсер Баян Есентаева енді Әзірбайжанға саяхаттап кетіпті. Ол Бакуден елге сәлем жолдады.
2016 жылдың 10 маусымында болған оқиғадан кейін Есентаева сүйіктісімен бірге әлемнің бірқатар елдерін аралап келді. Продюсер осылайша жан-жарасын ұмытқысы келді.
Гәкку арнасының “Follow wars” бағдарламасында Есентаева ұзақ уақыт бойы саяхаттап жүргеніне қатысты пікірін айтты.
“КешYou” тобының жаңа құрамына наразылық білдірген желі оқырманы: «Баянға не болған? Бал айында қалықтап жүр ме?» – десе, продюсер: «Иә, мен 9 айдан бері бал айында жүрмін», – деп жауап берді.
Продюсер бұл саяхатқа да сүйіктісімен бірге аттанған ұқсайды.
“Бакуде саяхат әсем де стильді әуежайдан басталады”, – деп жазды Есентаева желідегі парақшасында.
Еске сала кетейік, Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзов көктемде үйленетіндерін жария еткен болатын.