Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
7
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың сәуір айында өтетін жекпе-жектері

6 сәуір 2017 жыл. Монреаль, Квебек, Канада. Абылайхан Құсайынов (Қазақстан, 5-0-0, 4КО) – Кристиан Арразола (Мексика, 23-13-2, 16КО), 6 раундтық кездесу жеңіл салмақта (61,2 келі – 135 фунт) өтеді.

6 сәуір 2017 жыл. Монреаль, Квебек, Канада. Батыр Жүкембаев (Қазақстан, 8-0-0, 7КО) – Косме Ривера (Мексика, 41-23-3, 28КО), 10 раундтық кездесу жартылай орта салмақта (63,5 келі – 140 фунт) өтеді.

22 сәуір 2017 жыл. Бокс Академиясы, Мәскеу, Ресей. Фируза Шарипова (Қазақстан, 3-1-0, 1КО) – Виктория Котова (Ресей, debut), 8 раундтық кездесу – бірінші жартылай орта салмақта  (58,9 келі – 130 фунт).

9 сәуір 2017 жыл. Калифорния, АҚШ. Бауыржан Момынов (Қазақстан, 2-0-0) – Томас Хилл (АҚШ, 6-1-0, 1КО). 6 раундтық кездесу бірінші – орта жеңіл салмақта.

15 сәуір 2017 жыл. Коннектикут, АҚШ. Мадияр Ашкеев (Қазақстан, 7-0-0, 3КО) – Шон Кэмерон (АҚШ, 10-2-0, 5КО), 8 раундтық кездесу бірінші орта салмақта (69,8 келі – 154 фунт) өтеді.

15 сәуір 2017 жыл. Коннектикут, АҚШ. Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан, 1-0-0) – Обафеми Бакаре (АҚШ, 3-1-0), 6 раундтық кездесу орта салмақта (72,5 келі – 160 фунт) өтеді. 28 сәуір 2017 жыл. Sportsmans Lodge, Студио Сити, Калифорния, АҚШ. Асхат Уәлиханов (Қазақстан, 1-1-0) – Антонио Санчес (5-4-2, 3КО), 6 раундтық кездесу бірінші жартылай орта жеңіл салмақта (63,5 келі – 140 фунт) өтеді.

29 сәуір 2017 жыл. Лас-Вегас, АҚШ. Бейбіт Шүменов (Қазақстан, 17-2-0, 12КО) – Юниер Дортикос (Куба, 21-0-0, 20КО), 12 раундтық кездесу ауыр салмақта (90,8 келі – 200 фунт) өтеді, WBA чемпиондық белбеуі қойылмақ.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз