НАТО күштерінің Бас қолбасшысы және АҚШ-тың еуропалық қолбасшылығының басшысы генерал Кертис Скапарротти Украинаға заманауи қару жеткізуді ұсынды. Әскери блок Украинаның Ресей қолдайтын жікшілдермен күресіне осылай көмектескісі келеді.
“Менің жеке пікірім: біз Украинаға қорғаныс қаруын жеткізу мүмкіндігін қарастыруымыз керек”, – деді Скапарротти. Ол Вашингтонда АҚШ Конгресі Қауымдар палатасының Қарулы күштер жөніндегі комитетінің жиналысында сөйледі.
Скапарроттидің мәлімдеуінше, Ресеймен шекаралас орналасқан Украина мен Грузия Мәскеудің зұлым әрекеттерімен күресіп келеді. Генералдың пікірінше, “күш жинаған Ресей серіктестен антагоиске айналды, өйткені ол қайтадан әлемдік держава болғысы келеді”.
Жиналысты ашқан АҚШ Өкілдер палатасының Қарулы күштер жөніндегі комитетінің өкілі Мак Торнберридің мәлімдеуінше, Ресейдің басты мақсаттарының бірі – тарихтағы “ең сәтті әскери альянс” – НАТО-ны әлсіретіп, ақыры ыдыратып тыну.