Өскеменнің бір тұрғыны қоқыс тастайтын жәшіктердің жанынан баланың бас сүйегіне қатты ұқсайтын зат тауып алыпты.
Бұл қандай зат екенін қазір ШҚО ІІД анықтап жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.
Бірақ әлгі бастың суреті әлеуметтік желілерге шығып кетті.
«Баланың бас сүйегі болса керек, өйткені көлемі кішкентай. Өзі ескі сүйек сияқты, тіпті сыртында бояудың ізі бар», деп жазады тауып алған адам.