Қазір Ресей полициясы 13-ші қабаттан құлаған 32 жастағы ер адамның қазасының мән-жайын анықтап жатыр.
Алдын ала болжам бойынша, Қазақстан азаматы Санкт-Петербургтегі көпқабатты үйдің терезесінен құлап мерт болған, деп жазады “Фонтанка”.
Оның денесін үйдің маңында 25 наурыз күні сағат 14:25-те тапқан. Қаза тапқан адам Қазақстанның 32 жастағы азаматы екені белгілі болды. Ол жалдап тұрған 13-ші қабаттағы пәтерден құлауы мүмкін. Жігіт өлімінің нақты себебін медициналық сарапшылар анықтайды. Полиция жағдайдың мән-жайын тексеріп жатыр.