Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-11
USD
531
+1.72
EUR
544
+4.83
RUB
5.16
-0.01

Дәрі-дәрмек неге қымбат осы?

146

Сонымен қатар, Елжан Біртанов еліміздегі дәріхана сөрелерінде тұрған 4 мыңнан астам дәрінің қымбаттамайтынын алға тартты.

«Қазақстанда 7 700-ден астам дәрі-дәрмек тіркелген. Оның ішінде 4 мыңнан астам дәрінің бағасын біз бекіттік. Оның бағасы өспейді», – деді ол.

Алайда, министр жекеменшік дәріханаларда бағасы еселеніп сатылып жатқан дәрілерге қатысты мәселені шешу күрделі екендігін атап өтті.

«Бірақ, жекеменшік дәріханаларда сатылатын дәрі-дәрмектің бағасына қатысты жұмыстарды біз әлі бастаған жоқпыз. Елбасының тапсырмасына сәйкес, біз осы жылдан бастап, заңдық-құқықтық актіні дайындап жатырмыз. Биыл денсаулық сақтау саласындағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін, біз жекеменшік дәріханаларда сатылатын дәрі-дәрмектің бағасын бекіте алатын боламыз. Осы жылдың аяғына дейін осы жұмысты аяқтап, әрі қарай дәрі-дәрмектің бағасын бекітеміз. Кейін оның бағасын өсіру қиынға түседі», – деп түйіндеді сөзін Елжан Біртанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз