Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Геннадий Головкинді шаршы алаңдағы 37-ші жеңісімен құттықтады деп, хабарлайды Today.kz.
Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, Наурыз мерекесі қарсаңында қазақстандық жанкүйерлерге өте жақсы сыйлық болды.
«Қымбатты Геннадий Геннадьевич! Сені бүгінгі жеңісіңмен құттықтаймын! Өз атақтарыңды қорғай білдің. Біз сенің жеңісіңмен мақтанамыз!
Бұл жеңіс – Наурыз мерекесі қарсаңында бокссүйер қауымға және қазақстандық жанкүйерлерге өте жақсы сыйлық болды.
Зор денсаулық, отбасыңа амандық, кәсіби алаңда тек жеңістерді тілеймін!»,-делінген боксшыға жіберілген министрдің жеделхатында.
Бұған дейін, Геннадий Головкиннің америкалық Дэниэл Джейкобспен болған 12 раундтық жекпе-жекте жеңіске жеткендігі хабарланған болатын.
Төрешілердің шешімі бойынша, есеп төмендейгідей болып, Головкин жеңіске жетті:
114 – 113, 115 – 112, 115 – 112.
17 маусымда, Астанада өтетін EXPO көрмесі аясында қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтеді.