Сергей Пудовкиннің продюсерлік орталығы қытайлық телеарнаға, қытайлық компанияға немесе әртістерге қатысты шағым түсірмеген. Бұл туралы Видастың продюсері Сергей Пудовкин мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Витастың мүддесін қытайлық адвокаттар конторасы қорғайды екен. Бұл контора қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің I am a Singer байқауында “Опера №2” әнін орындауына байланысты шағым түсірген.
Еске салайық, Витастың өкілдері шағымды Hunan арнасының үстінен түсірген. Оған Димаш Құдайбергеннің I am a Singer байқауында “Опера № 2” әнін айтуы себеп болған. Әзірше телеарна бұған қатысты ресми пікір білдірген жоқ. Ал Димаш Құдайбергеннің PR-менеджері Алпамыс Шаримов бұл әнді орындау конкурс режиссерінің таңдауы болғанын хабарлаған. Ал кейін даусын ресейлік әншімен салыстырғандарға Димаш Құдайбергеннің өзі жауап берген. “Мен “Екінші Витас” емеспін!” деп мәлімдеген еді Димаш Құдайберген.