Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-10
USD
515
-0.96
EUR
537
-0.28
RUB
5.18
+0.01

Ерлан Қариннен қайыр болмады: «Ұлттық арна» – әлі де сайқымазақтар арнасы екен

бұрынғы “КВН-щик” Нұрлан Қоянбаев бүгінде “Қазақстан” арнасының бас продюсері. Бұл Ерлан Қариннің төраға болғаннан кейін жүргізген алғашқы ауыс-түйісі.

Ал, жуырда ғана Қарин “Таңшолпан” бағдарламасының басшылығына эстрада әншісі Гүлнұр Оразымбетованы тағайындапты. Иә, әнші әрі Қызылорда облысы экс-әкімінің әйелі енді ұлттық арнаның эфирін ашады, турасын айтсақ ашып жүр. Аша салысымен сынға да ілігіп үлгерді. Әнші жаңалық енгізгісі келсе керек, таңғы бағдарламаны бұрынғыдай екі емес қазір төрт бірдей жүргізуші жүргізеді. Экранға әрең сыйып отырған оларды көргендер “жағасын ұстамаса” да, таңданыстарын жасырмай айтып жүр.

Ерлан Қарин сондай-ақ, “Қазақстан” арнасынан енді ағылшын тілінде фильмдер көрсететінін де хабарлады. Елбасы былтыр ғана 100 пайыз қазақша хабар таратсын деген телеарна бұдан былай ағылшынша да “сайрайды”.

Міне, елдегі идеологияның басты құралдарының бірі саналатын ұлттық арнаның қазіргі сыйқы осындай.

Таңертең Гүлнұр Оразымбетованың компаниясында таңғы шайыңызды ішсеңіз, түнде КВН-щик Қоянбаевпен бірге ұйқыға кетесіз. Бұлардың арасында “Жайдарманның” күлдіргіштері, Тәуекел Мүсілім, Тұрсынбек Қабатов секілді “супермендер” (әмбебап адамдар) барлық проблеманы ұмыттырып, көңіліңізді көтереді.

Ал, халықтың рухани құндылықтардан қол үзгенін күнделікті жаңалықтардан көріп жүрміз. Жаңа туған балалардың қоқысқа, дәретханаға, көшеге тасталуы, жетімдер санының көбеюі, жастар арасындағы ауыр қылмыстар, сотталушылар санынының тым көбейіп кетуі, қарттар үйлеріндегі қазақ ата-әжелер және тағысын тағы. Бұл жағымсыз құбылыстардың белең алуы қазақ қоғамының деградацияға ұшырауының белгісі десек қателесе қоймаспыз. Ал, елге үлгі болуы тиіс депутаттар тастанды балаларға арнап бэби-бокстар орнатуды ұсынып жүрсе, халыққа рухани азық беруі тиіс телеарналар көңіл көтеруден қолдары босамайды. Өкінішке қарай, Ерлан Қарин бастаған команданың іскерлігі әзірге сол эстраданың деңгейінен әрі аса алмай тұр. Бірақ, жаңа келген басшыдан әлі де күтеріміз мол. Өйткені, Қарин жуырда ғана телеарнаның жаңа маусымы Наурыз мерекесінің қарсаңында көрерменге ұсынылады деп уәде берген.

SN-ақпарат

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз