Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
9
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Шымкентте туып, Американы бағындырған Димаш туған жеріне келді

“Бәйтеректей” биік, арманы асқақ Димаш туған жерінің ауасын жұтып, Астананы аралап жүр. Ол Америкада ғана емес, Қазақстанда да танымал. 13 жасында отбасымен мұхит асып, Нью-Йоркке көшіп кеткен қазақ жігітінің осында бағы жанды. Димаш қазір алып шаһардың полицейі.
Тіпті, жақында ірі есірткі тасымалдаушыларды ұстап Нью-Йорктың үздік полицейі атанған.

– Жұмыс өте ауыр. Негізінен, көшені аралап, қауіпсіздікті қадағалаймын. Тіпті, маған тапаншадан оқ атқан кездер болады. Бірақ, мен ешкімге қару кезенген жоқпын. Жемқорлық деген атымен жоқ. Халық бізге қорғаушысы ретінде қарайды, – дейді Димаш Ниязов.

Америкалық полицейдің жұмысы ауыр болғанымен,

жалақысы жоғары екен. Теңгеге шаққанда, Димаш айына алатыны 3 миллион. Ал, қазақ елінің полицейлері үшін мұндай айлық әзірге арман ғана.

Сондай-ақ, Димаш тек полицей ғана емес, Америкада танымал кәсіпқой боксшы. Әзірге 10 жекпе-жек өткізіп бәрінде жеңіске жеткен. Енді Астанада әкесімен бірге бокс клубын ашуды жоспарлап жүр.

– Боксшы болғанда, полицей болғанда ұнайды. Осы жұмыста жүріп, кәсіпқой рингте үлкен жетістікке жеткім келеді. Жаттығатын залға Қазақстанның туын іліп қойғанмын. Жалпы, қазақ елінің боксшыларын америкалықтар өте қатты құрметтейді, – дейді америкалық қандасымыз.

Сәті түссе, Димаш жазда Астанада әлемнің атақты боксшыларымен қолғап түйістіруді жоспарлап отыр.

Оның үстіне, шымкенттік жігіт жақында үйленіп дүркіретіп той жасамақшы. Келін словакиялық Дженифер есімді бойжеткен.

Жырақта жүріп, қазақ тілін ұмытса да,

„туған жерім мәңгі  жүрегімде„, –  дейді Қазақстанға оралуды да соңғы уақытта жиі ойлайтын Димаш.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз