Алматы облысы полицейлері екі апта бұрын жоғалып кеткен жасөспірім қызды тауып алды.
Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
14 жастағы қыздың жоғалып кеткені туралы 3 наурыз күні Алматы облысы Ескелді ауданы Байысов ауылы тұрғыны хабарлаған болатын.
“Жоғалған оқушы қызды көрші Қаратал ауданынан таптық. Ол Үштөбе қаласындағы құрбысының үйінде қонақта болыпты, тұрған мекенжайын күнделікті ауыстырып отырса керек. Кеше ғана қызды аман-есен ата-анасның қолына табыстадық”, — деп мәлімет берді полиция.