Естідіңіз бе, бізге Соловьев келеді екен. Ол кім? Сіз оны көкжәшіктен көргенсіз. Бәлкім, тұрақты көрермені шығарсыз? Осында отырып Ресейдегі оқиғаларға уайым-қайымдап отыратындар көп қой бізде…
«демократия – Американың әлемді басқару үшін ойлап тапқан құралы, қаруы».
Қауіптісі: бүгін оларға Украина жау. Ертең басқа ел. Ол біз болуымыз да мүмкін…
Орыс халқы оның сөзіне имандай сенеді. Дуалаған, алдап-арбап тастаған өйткені. Қорқыныштысы, осындайлардың кесірінен орыс халқы бұдан былай өзгеше ойлай алатын қабілеттен айырылуы мүмкін.
Олардың ой-санасын Соловьев/Киселев (Кремльдің тағы бір қолшоқпары) тандемі жүгендеп алған, өйткені. «Мәңгүрттендірудің» заманауи тәсілін тамаша меңгерген.
Иә, сіз оны көкжәшіктен күнде көресіз. Біздің ақпараттық кеңістік ашық-шашық жатыр өйткені. Іргеміз түрілген. Әлдеқашан. Украинаны ашық жамандап, АҚШ пен Батысты балағаттап, орыс әлемінің құндылықтарын ұлықтап отырған «Ресей 1» телеарнасына біраз ел тосқауыл қойды. Тек, біз емес.
Путин оның еңбегін жоғары бағалайды. Ресей президентінің рейтингін 90 пайызға өсіріп отырған, күллі орыс халқының санасына «патшадан басқа тәңір жоқ» деген түсінікті сіңдірген де осы – Соловьев.
Ол Путинге керек. Дәл осындайлардың көмегімен Кремль жарты әлемге жалған ақпарат таратып отыр.
Cоловьев не деді? Не деп жүр? Ол тұтас украин ұлтына қалай тіл тигізді? АҚШ-ты қалай айыптады? Оның бірқатар даулы мәлімдемелерін теріп алдық. Тағы бір қайталап айтайық. Оның сөзіне сенуге болмайды!
Мұндай мысалдар көп. Қайсібірін айтамыз. Басымызды айналдырып алуы мүмкін. Осы да жетер.
Солай деген Соловьев Қазақстанға келе жатыр. Шеберлік сабағын өткізбек. Сөйлеуді. Сөз бермеуді. Сөз тыңдамауды үйретпек.
Былайша айтқанда, қазіргі Ресейдің саясатын насихаттамақ. Баратындар бар ма екен? Бар ғой. Көп қой…
Думан Бықай