Соңғы уақытта бірге түскен суреттерін желіге салуды сиреткен Сәбит пен Алтынай оқырмандарының санасын сан-саққа жүгіртіп жүр. Бірі жұлдызды жұптың арасынан ала мысық өтті деп топшыласа, енді бірі Әбдіхалықовты Иманбаеваға қайта оралды деп тұжырым жасайтын көрінеді.
Иманбаева көптің көңілін күпті еткен сауалға НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында жауап берді.
Жеке өміріне қатысты сансыз сауалдардың соңғы кездері әлеуметтік желіде жиі қойылатынын Иманбаева да жасырмайды. Бұл жолы актриса тыңдарманды мазалаған сұрақтарға жауап беруге тас-түйін дайын. Сонымен, Сәбит пен Айгүлдің қайта табысқаны қаншалықты рас?!
Сондықтан, Айгүл ел аузында жүрген қауесетке сене бермеуді сұрайды. Бірақ, бүгінде Сәбитпен бір шаңырақ астында ғұмыр кешпесе де, әке мен баланың қарым-қатынасына ешқашан шектеу қойған емес. Тіпті, Асылжанға қатысты мәселелерді қос тарап әлі күнге дейін бірігіп шешетін көрінеді.
«Амандығымыз түзу. Баламыздың мәселесіне қатысты міндетті түрде екеуіміз… Енді бала студент сыртта оқиды. Сол себептен тәртібі болсын, оның жүріс-тұрысы, ортасы болсын араласатын, міндетті түрде екеуіміз араласамыз. Ол жағынан ақылдасып тұрамыз. Қалай болып жатыр, сен барасың ба балаға, мен барамын ба?! Өйткені, бала тұр ортада», – деп түйіндеді сөзін актриса.
Дереккөз: stan.kz