Әскери сот үш миллиард қаражат ұрланған даулы мәселенің нүктесін қойды. Бұл іс Қорғаныс министрлігіне қатысты болған еді. Барлық сотталушылар осы мекемеде жұмыс істеген, олар өздеріне тиесілі мерзімдерін алды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.
Максималды жаза 11 және 13 жыл, сонымен қоса ұйымдастырушылардың мүліктері тәркіленді. Олардың барлығы Қорғаныс министрлігінің жоғарғы шенді офицерлері.
Аталғандардың барлығы қомақты үш миллиард теңгені жымқыру ісіне қатысқандар. Жымқырылған қаражат Әскери күштің керек-жарағына бөлінген.
Аталған іс бойынша 11 адам жазаға тартылды. Ұйымдасқан қылмыс тобының мүшелері бас бостандықтарынан 11 және 13 жыл аралығында айырылды.
Қалған қатысушылар 7-11 жыл мерзімді иеленді.
Әскерилерден бөлек іс бойынша ақшаны қолма-қол етіп отырған кәсіпкер де бар. Қосымша шара ретінде сот оның мүлкін тәркілеуге шешім шығарды. Бұл тізімге элиталы жылжымайтын мүлік, ақша мен жоғарғы класс көлігі де кірген.
Сот айыпталушыларға мемлекетке келтірген шығындарын төлетіп, олардың мүліктерін тәркіледі. Онда қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған пәтерлер, тұрақ орындары, Алматы мен Астанадағы элиталы тұрғын үй-кешендеріндегі кеңселік мекемелер, қымбат автокөліктер, қомақты қаражаттар бар.
Сотталғандардың ішінде Әскери күштің пәтер бөліп беру Бас басқармасының төрағасы Ильдар Гиниатулин бар. Оны 13 жыл бас бостандығынан айырып, үш бөлмелі екі пәтері мен тоғыз банк есебіндегі қаржысын тәркілеген.
Бірақ, ең бай жылжымайтын мүлік подполковник Айдара Келісовте болды. Үш бөлмелі бес пәтер, олардың үшеуі Астанадағы элиталы тұрғын үйде, аталған үй астындағы бірнеше тұрақ орны, түрлі есептердегі қаржысы да бар.
Фигуранттардан 4 тұрғын үй ғимаратын, 27 кеңселік және Алматыдағы тұрғын үй кешеніндегі тұрақ орындары, 9 люкс класындағы иномаркалар тартып алынды.