Өзбекстанның Сұрхандария облысындағы балабақшаларда күндізгі уақытта балаларды ұрып-соғып қана қоймай, кешке мекеме ғимаратын “бордель” ретінде пайдаланған. Құқыққорғау органдарындағы дереккөз қазір осыған қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
Сұрхандария облыстық прокуратурасы қызметкерінің айтуынша, аймақтағы барлық дерлік балабақша “бордель” ретінде жұмыс істеген.
23 балабақшаның ісі 5 наурызда облыстық әкімшіліктің арнайы жиналысында талқыланады. “3 наурызға дейін 20 меңгеруші жұмыстан шығарылды. Екеуі науқастығына байланысты демалыс алған”, – деді әкімшілік қызметкері.
Мекемеде тәрбиеленген балалардың ата-аналары тәрбиешілердің ұрып-соғуынан кейбір балалардың денсаулығына зиян тигенін айтты. Ал балаларды пышақпен қорқытқан тәрбиеші Саломат Каримоваға 22 ақпанда үкім шығарылып, ол үш жылға сотталды.
https://www.youtube.com/watch?v=Wyl9AsTfSPg