Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұрынғы басшысы Руслан Ерденаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды.
Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«Сот Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ басқармасының төрағасы Руслан Ерденаевты қамауда ұстау мерзімін – 2017 жылдың 28-наурызына дейін ұзарту туралы үкім шығарды», – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласындағы департаменті БЖЗҚ-ның құны 5 млрд теңге болатын келісімшартын тексеріп жатыр. Белгілі болғандай, ҚР Ұлттық банкі БЖЗҚ-ның «Бузгул Аурум» ЖШС-ы облигацияларын сатып алғаны жайлы шағым түсірген. 21-желтоқсаннан бастап Ұлттық банктің қатысуымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның әрекеті тексерілуде.