28-ақпанда еліміздің басым бөлігінде ауа-райы құбылып, жауын-шашынды болады. Тек республикамыздың оңтүстік және шығысына жауын-шашын түспейді.
Қазгидрометтің хабарлауынша, бүгін еліміздің көп жерінде тұман, көктайғақ, қатты жел болады деп күтіледі.
Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, жел секундына 15-20 метрге күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде одан қатты жел тұрады, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні секундына 28 метр болады.
Жамбыл, Қызылорда, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Атырау, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.