Финляндиядағы Лахти қаласындағы әлем чемпионатында жарыс жолына Венесуэладан келген шаңғышы Адриан Солано да шыққан болатын. Ол шыға сала “ғаламшардың ең нашар шаңғышысы” атанды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Соңынан белгілі болғандай, ол өмірінде қарды бәсеке басталар алдында, бес сағат бұрын ғана көрген. Бұған дейін Венесуэлада роликті шаңғымен ғана жаттыққан. Ол Финляндияға ертерек келуге әрекет жасаған, бірақ Парижде басқа ұшаққа отырар алдында оның қалтасында 20 еуро ғана қалады.