Қапшағай тұрғыны қаладағы 18-ші ықшам ауданындағы кәріс желісінің айдаушы стансасындағы апатты жағдайды видеоға түсірген.
Бұл видео Қапшағайдың басылымында жарияланды.
Видеода боқ-сідікті айдаушы станса қоршауына шығып жатқан лас суды көруге болады. Ал тура сол сасық судың маңында Қапшағай су қоймасы орналасқан екен.
“Міне, сасық жер, боқ-сідік мында шығып жатыр. Ол барып мына қамысқа жайылып жатыр. Ал ана бағанның арғы жағында су қоймасы тұр. Ал мына сасық су жерге сіңіп, сол біз бен сіз ішіп жүрген ауыз су дайындайтын су қоймасына түсетінін айтпаса да түсінуге болады. Ал ол суды біз ғана емес, алматылықтар да ішіп жатыр”, – дейді куәгер.
Сасық су ағып жатқан айдаушы станса мектептің жанындағы 18-ші ықшам ауданында орналасқан. Бұл жайт та қапшағайлықтардың ашу-ызасын туғызуда.