Ресей президенті Владимир Путин 27-28 ақпанда Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерін аралайды. Бұл сапар аталған республикалармен дипломатиялық қатынас орнатылғанына 25 жыл толуына арналады, деп мәлімдеді РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков.
Путин Тәжікстанға “қысқа, бірақ ресми сапар” жасайды, деп хабарлады Ушаков. Оның айтуынша, сапар барысында Путин Тәжікстан президентіне екі ел арасындағы қатынастың дамуына қосқан үлесі үшін Александр Невский орденімен марапаттайды.
28 ақпанда Владимир Путин Қырғызстанға барады. ҚР президенті аппаратының хабарлауынша, Алмазбек Атамбаев пен Владимир Путин бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысы мен Еуразиялық экономикалық одақ мәселелерін талқылайды.
Путиннің Қазақстанға сапарының жай-жапсары анықталып жатыр.