Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Ресей Қазақстанға жалға алған жерді қайтарды

Қорғаныс министрінің орынбасарының айтуынша, полигонды Қазақстанға қайтару үшін арнайы комиссия құрылады. Қазақстан міндеттерді орындау мәселесінде ресейлік тарапқа шағымы жоқ екен.

“Полигонды жалдан шығару өңірдің экономикалық дамуына оң әсерін береді, қайтарылатын жерлер кәсіпкерлердің мүддесіне пайдаланылуы мүмкін, мұнда ауылшаруашылығымен, пайдалы қазбаларды іздеу және өндіруді ұйымдастыру істерімен айналысатындарға қолайлы. Осы арқылы мемлекеттік бюджетке жаңа қайнар көзден табыс түседі. Полигонның телімдері әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымдық жобалардың құрылысына пайдаланылуы мүмкін”, – деді Талғат Мұхтаров.

Министрдің орынбасары осының алдында ресейлік тараптың Қазақстанға полигонда орналасқан жылжымайтын және орнықты мүліктің барлығын өткізіп қойғанын айтты. Оның ішінде тұрғын-казармалық қордың 15 ғимараты бар.

Еске салайық, 1960 жылдың 10-мамырында Ембі-5 әскери қалашығы құрылған еді. Полигонда әуе зымыран ПВО CB, “Круг”, “Куб”, “Бук” , “TOP”, “Оса”, “С-300B”, “Тунгусской” әуе қорғаныс С.В. жедел тактикалық қысқа ауқымды зымыран сыналды.

Ресей жыл сайын Қазақстанға осы мақсатта ақша төлеп тұған елі. Мәселен, өткен жылы 7 миллиард теңге шамасында қаражат түскен болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз