Ресейдегі елшіміз И. Тасмағамбетов сенім грамотасын СІМ орынбасары Г. Карасинге тапсырыпты. Сосын барып С. Лавровпен кездескен. Фотоға сенсек, салтанат залында емес, Карасиннің кабинетінде тапсырған сияқты грамотаны.
Сыйлы елдің елшілерін арнайы салтанат залында ел президенті немесе содан кейінгі ірі лауазым иесі қабылдап жататын сияқты еді біз көріп жүрген картиналарда. Шамасы, біз шынымен де тәуелсіз ел емес, қатардағы губерния деңгейіне түскен жоқпыз ба?
Қуаныш Еділхантегі
Фейсбук парақшасынан