Қазақстандықтар наурыз айында 12 күн демалатын болады. Тек Наурыз мерекесіне орай ел тұрғындары үзіліссіз 19 наурыздан 23 наурызға дейін бес күн бойы демалады деп хабарлайды nur.kz.
Осыған орай, қазақстандықтар 19, 20, 21, 22, 23 наурызда демалып, арасына 1 күн, яғни 24 наурызда жұмыс істейді де, 25, 26 наурыз сенбі, жексенбіге түскендіктен, тағы екі күн демалады.
Ал 8 наурыздағы демалыс күнін де ұмытпау керек. Халықаралық әйелдер күні осы жылы сәрсенбіге түсіп тұр.
Егер наурыздың мереке күндеріне демалыс күндерін қосатын болсақ, барлығы 12 күн демаламыз.
Нәтижесінде, көктемнің алғашқы айында қазақстандықтар тек 19 күн жұмыс істейді.