Бұдан бұрын біз Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында әріптесі соққыға жыққан жас дәрігер Олжас Нұрғалиев туралы жазғанбыз. Аталған жағдайға ШҚО Ішкі істер департаменті бірден үн қатты.
Департаменттің баспасөз қызметі былай деді:
Аталмыш факті бойынша 02.02.2017 жылы ҚР ҚК 293 бабымен (бұзақылық) қаралатын қылмыстық іс қозғалған.
Қазіргі уақытта бұл іс бойынша толыққанды сот алды тергеу амалдары жүзеге асырылуда. 03.02.2017 жылы сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жәбірленуші қажетті дәрігерлік көмек алуды аяқтаған соң сараптамадан өтеді.
Сараптама нәтижесі бойынша, дене жарақатының ауырлығына байланысты, қосымша басқа баппен қылмыстық іс қозғалуы ықтимал.
Тергеу амалдары аяқталған соң қажетті процессуалдық шешім қабылданады.