Ақтау полициясының қызметкерлері балалар емханасы маңындағы жылу трассасының коллекторынан адамның мүрдесін алып шықты.
Бұл туралы Lada.kz жазды.
Полиция қызметкерлері жедел жәрдем қызметімен бірлесіп, марқұмның денесін алып шықты. Ол үшін құбыр плитасы кранмен көтерілді. Мәйітті кімнің аңғарғаны әзірге белгісіз.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда, Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті жақын арада ресми түсініктеме беруге уәде етті.