Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
7
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

“Олар ұйықтай алмай жүр”. Сарапшы Қазақстандағы орыстілділердің неден қорқатынын айтты

Сайып келгенде, әр этникалық топтың биліктің ауысуына қатысты көзқарасы әртүрлі. Бұл сайлау кезінде аңғарылып отыр.

Соңғы жылдағы президент сайлауында Назарбаев, әсіресе, орыстілді қауымның тарапынан аса күшті қолдауға ие болды. Бұл олардың (орыстілділердің) биліктің ауысуынан қорқатынын дәлелдеп отыр. Мұны болдыртпау үшін олар тайлы-тұяғымен Назарбаевқа дауыс беріп, сайлауға өте белсенді қатысуда. Еліміздегі орыстар үшін ең басты қауіп және ең басты үрей осы”.

Билік басына ұлтшыл келуі мүмкін бе?

Жоқ. Егер сайлау қазіргі саяси жүйенің бақылауы аясында өтсе және сайлауға тағы да сол біз білетін тұлғалар қатысса, Қазақстан халқы ұлтшыл бағыттағы үміткерге дауыс бермейді.

Біздің есептеуіміз бойынша, мұндай бағыттағы партиялар мен ұйымдарды қоғамның 10 пайызға жетер-жетпес бөлігі ғана қолдайды.

Алайда егер бұған лайықты жағдай туындаса, осы тақырыпты тереңдетіп айтатын арандатушылар шықса және одан зорғысы – саяси қылмыс жасалса, қоғамның көңіл-күйін пайдаланған ұлтшыл-президент таққа отыруы мүмкін.

Бірақ, мұндай сценарийдің орындалуы неғайбыл.

Еуразияшылдар

“Еуразияшыл саясаткерлер шетқақпай көруде, оларға қысым көрсетіліп жатыр деген әңгімелер негізсіз.

Біздің президенттен асқан еуразияшыл жоқ анығында…

Ал өзін “еуразияшылмын” деген кейбір саясаткерлер өз идеясының құрбаны болды. Еуразия интеграциясының мәні мен мақсатын білімсіз,  сапасыз насихаттады.

Айталық, олар “интеграцияны халықтың 95-97 пайызы қолдайды” дейді. Өтірік. Зерттеулер мүлде басқа нәтижені көрсетіп отыр”.

Билікте ұстаным жоқ

“Билік халықтан қорықпайды, сөзімен санаспайды деген пікір қалыптасқан. Бұл да қате көзқарас. 2016 жылғы оқиғалар биліктің халықтан қаймығатынын көрсетті.

Меніңше, билік бұл арада да қателесті. Себебі, өз позициясында тұра алмау, биліктің қоғам алдындағы беделін одан әрі әлсірете түсті. Ол шығарған шешімдер пайда әкелмейді деген пікір қалыптасты.

Нақты экономикалық қисыны бар шешім қабылдадың екен, оның қоғамға пайдалы боларына көз жеткіздің екен, ендеше, өз дегенінде тұруың керек.

Мысалы, медициналық сақтандыруды алайық. Бұл дұрыс бастама. Қазақстанда өзін-өзі асырап отырған 2 млн. адам бар. Олар бюджетке түк те төлемейді. Бірақ, тегін медицинаның қызметін пайдаланады. Осы әділ ме? Билік осындай мәселелерді халыққа қарапайым тілмен түсіндіруі қажет еді. Өкінішке қарай, қазіргі жүйе мұндай әдісті қолдануға келгенде ақсап отыр.

Халық бұл бастаманы қалтаны қағудың жолы, әлеуметтік салықтың тағы бір түрі деп тұжырымдап қойған. Бұл реформа әлі жүргізілген де жоқ, бірақ ел арасында ол туралы кері пікір қалыптасып үлгерді”.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз