Павлодарда “Достық” үйінде Оңтүстік Кореядан келген «НорымМачи» самульнори дабылшыларының концерті өтті.
Бұл туралы Рavlodarnews.kz хабарлады.
Аталмыш ансамбль 1993 жылы құрылған. «НорымМачи» атауы «ежелгі Кореяда ипровизатор музыканттардың жоғары деңгейде орындау шеберлігі» деген мағынаны білдіреді.
Бұл ұжым әлемнің 170 қаласы мен Италия, Франция, Германия, Австрия сияқты 50 мемлекетте өз өнерлерін көрсеткен. Қала тұрғындары көне «самульнори» корей аспабында «Пансори» халық әнінің жанды дауыста орындалуын тыңдады. Сондай-ақ, меймандар барабанда ойнау бойынша шеберлік сыныбын өткізді.