Қостанайда жолақысын төлемегендердің бетін сұйық жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрлеген такси жүргізушісін полиция ұстады.
Бұл туралы Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Такси жүргізушісінің үстінен бұзақылық әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол айыбын мойындап жауап берді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деп хабарлады Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Елена Кашарина.