«Меломен» тобындағы әнші Жігер Ауыпбаев топтан кетті.
Бұл туралы әншінің өзі журналист Асхат Садырбайға берген сұхбатында айтқан хабарлайды Baistars.kz.
«Аллаға шүкір, осы уақытқа дейін арамызға ақша немесе басқа да нәрсе түсіп көрген емес. Бұл жолы осындай қиын жағдай болып қалды. Мүмкін бір-бірімізден шаршағандықтан да болар, мүмкін бір-бірімізді бағаламай да кеткен шығармыз, білмеймін. Жігіттермен арамызда түсініспеушілік нәрсе өте көп болды, бірақ, оның бәрі – арамыздағы нәрсе», – деді әнші. «Меломеннің» құрамы жаңара ма, толыға ма, ол жағы әзірге белгісіз.