Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-7
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Қазақстанда медреседе оқитындар бірыңғай киім киетін болды

255

Жиналыста Бақтыбай Бейсенбаев оқу-ағарту саласы бойынша жүргізіліп келе жатқан жұмыстар туралы баяндап, нақты жоспарларымен бөлісті. Басқосу барысында Бас мүфти медресе-колледж шәкірттерін зайырлы пәндер бойынша республикалық олимпиадаларға көбірек қатыстыру қажеттігіне тоқталды.

“Шәкірттеріміз тек діни біліммен ғана шектеліп қалмасын. Оларды зайырлы пәндер бойынша өтетін сайыстар мен байқауларға көбірек қатыстыру керек”, – деді ҚМДБ төрағасы.

Айта кетсек, бүгінде еліміздегі 9 медреседе 1234 шәкірт тәлім алуда. 2016 жылы 221 адам медресені тәмамдады. Бас мүфти бастамасымен санаулы мерзім ішінде медресе жұмыстарына елеулі реформалар жасалды. Атап айтқанда, оқу бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Міндетті діни пәндерден бөлек, қазіргі заман талабына сай қоғамдық пәндер қосылды. Жаңа қабылданған Жарғы бойынша медреселер “медресе-колледж” деп аталады. 2016 жылы Сарыағаш, Шымкент, Алматы, Ақтөбе қалаларындағы медреселер колледж мәртебесіне көтерілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз