Байға тигелі жатқан Баян Есентаеваның жеке өмірінде ғана емес, шоу-бизнестегі жобаларында да өзгерістер болып жатыр. Бұған себепші Баянның өзі.
Атышулы продюсер күні кеше КешYOU тобының жаңа құрамын таныстырды. Айта кетсек, бұдан бұрын топтан Ақбота Сейтмағанбет пен Жұлдыз Өмірғали кетіп қалып, Балжан Бидаш жалғыз қалған.
Баян апай ұзақ ойланбапты. Қатары селдіреп қалған КешYou тобы мен “Лашын” тобын қоса салыпты. “Лашын” тобының бұрынғы солистері Елиза Берікова мен Сара Амангелді, Балжан және “Лүпіл” тобының бұрынғы солисі Назым енді КешYou құрамында ән айтпақ.
https://www.instagram.com/p/BQPNjUHDicY/?taken-by=keshyou_official&hl=ru