Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-9
USD
531
+1.72
EUR
544
+4.83
RUB
5.16
-0.01

“Өздері кінәлі”. Қазгидромет Шымбұлақтағы кісі өліміне қатысты пікір білдірді

Ажал құшқан азамат ресейдің Красноярск қаласынан фристайл бойынша делегация құрамында келген және техникалық төреші болған. Марқұмның досы оның қарға із салынбаған тау бөктерін арнайы таңдап, ол араға ешкімге ескертпестен өз беттерімен барғанын айтты. Сонымен қатар, олар бұл аумақта сырғанауға тыйым салынғанын біле тұра, фрирайдпен айналысқан.

Еске сала кетсек, 7 ақпан күні сағат 14:06 кезінде Шымбұлақ құтқарушыларына Спартак Алемасов есімді РФ азаматы хабарласқан. Ол таудың батыс бөктерінде трассадан тыс сырғанау кезінде қар көшкіні орын алып, қар құрсауында адам қалғандығын айтқан. Оқиға орнына шұғыл түрде Универсиада нысанын күзетуге жұмылдырылған күштер бағытталды. Жалпы, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің республикалық жедел-құтқару жасағының 50-ге жуық адамы қар көшкіні орнына барды. Сағат 15:23-те құтқарушылар 1986 жылы туған Белослудцев Алексей Николаевич есімді Ресей Федерациясы азаматының денесін қар құрсауынан алып шықты. Сағат 16:14-те іздестіру тобында болған медициналық көмек дәрігерлері спортшының көз жұмғанын нақтылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз